Жаңалықтар

Антына адал жандарға қатысты тағы бір дау. Сәби өліміне кім кінәлі?

ашық дереккөзі

Антына адал жандарға қатысты тағы бір дау. Сәби өліміне кім кінәлі?

Облыстық перинаталдық орталықта шу шықты.Қала тұрғыны дәрігерлерді баласының өліміне кінәлі санайды. "Олардың салғырттығынан сәбиім шетінеп, денсаулығыма зақым келді,- деген тұрғын әділдік іздейді. Оның айтуынша, нәресте бірнеше сағат бойы қараусыз қалған. Жауаптылар бала қараудың орнына телефон шұқып, бейжай кейіп танытқан. Сол сәттерді телефонына жазып алған шағым иесі сотқа жүгінбек. Алайда, Орталық дәрігерлерінің де уәжі жоқ емес. Бала - шала туғандықтан шетінеген көрінеді. Гүлзира Айтешова - жиырма тоғыз аптасында босанды. Айтуынша, нәрестенің денсаулығында мін болмаған. 1777 грамм, 42 сантиметр болып туған бала екі күн өмір сүріп үлгерді. Алайда, дәрігерлер Гүлзираға он мың теңгенің құнарландыратын қоспасын алдырып, соны қабылдағаннан кейін, баланың іші түйіліп бастапты. Гүлзира Айтешова - шағымданушы - Он екіден бері қарай врачтар қараған жоқ. Содан болып тұр. Кешке барсам реаниматологымыз кетіп қалған, кезекші дәрігер келген. Ол кісі кухняда тамақ ішіп отыр. Балама барсам, балам жалғыз өзі жатыр. Қасында медсестра жоқ. Гүлзира Айтешова баласы шетінегенде дәрігерлердің ұялы телефон шұқып отырғанын айтты. Мұнымен қоймай, олар рұқсатсыз жатыр түтіктерін байлап тастаған көрінеді. "Перинаталдық орталықта ақшалы адам ғана алшаңдап баса алады,-деп күйінді ол. Гүлзира Айтешова - шағымданушы - Мына жер концлагерь сияқты. Мынаның ішінде болып жатқанды ешкім айта алмайды. Ақша берген әйелдер жатыр. Менің ақша беруге жағдайым болмады. Орталықтағылар болса, бала шала туғандықтан шетінеді деп отыр. Дәрігерлердің тарапынан еш ағаттық болмағанын жеткізді. Жамал Жаманбаева облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Бәрі - шалалықтың проблемасынан деп ойлаймыз. Өйткені, бала өте шала туды. Салмағы жақсы болғанмен де, негізгі гестациялық уақыты өте аз. 29 апта - жеті айға да жетпейтін уақыт. Смесьті кез-келген шала туған нәрестеге беруге болады. Профессорлармен сөйлестік. Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, Маңғыстау облысы ана мен бала өлімі бойынша екінші орында тұр. Өткен жылы өңірде  154 сәби шетінеген. Сәбиінен айрылып қайғы жұтқан ана сотқа жүгінбек. Баланың сынамаларын сараптамаға жолдапты.