Трамп: Ресейге мәлімет беруге құқығым бар

Трамп: Ресейге мәлімет беруге құқығым бар

Трамп: Ресейге мәлімет беруге құқығым бар
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге ДАИШ террористік ұйымы туралы мәлімет беруге толық құқылы. «Президент ретінде Ресеймен бөліскім келді, оған менің толық құқығым бар, терроризм мен әуе сапарларының қауіпсіздігі үшін бөлістім», - деді Трамп Ақ үйдің ашық кездесуінде. Бұған дейін Вашингтон Пост газеті АҚШ әкімшілігіне сілтеме жасап, Ресей федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресей елшісі Сергей Кислякпен Вашинтондағы кездесу барысында ДАИШ туралы құпия мәліметпен бөлісті деп жазған болатын. Көп ұзамай Ақ үй бұл мақаланың жалған екенін жариялады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесуде «күш біріктіру мен қауіп-қатер, терроризмге байланысты ортақ мәселелерді» талқылағанын айтты. Ал Трамп Твиттердегі парақшасында «Менің толық құқығым» бар деп жазды.