ҰБТ жауаптары алдын-ала сатылған ба?
ҰБТ жауаптары алдын-ала сатылған ба?
Әлеуметтік желіде ҰБТ кезінде жақсы балл алуға көмек береді деген қосымша сатып жатыр деген қауесет тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҰБТ бағдарламасын алдай алатын қосымша туралы ескертуді Facebook желісінде алматылық Дидар Марданов жариялады. "Білім және ғылым министрлігіндегілер әлеуметтік желіде ұлттық бірыңғай тестілеу бағдарламасын айналып өтіп, жақсы ұпай жинауға көмектесетін қосымшаның таралып жатқаны туралы біле ме екен? Алаяқтықтың иісі шығып тұр. Зерттеуге және қандай да бір шара қолдануға кеңес беремін", - деді Дидар Марданов дерек ретінде скришот жариялап.
Бағдарламаны пайдалану үшін QIWI-кошелек арқылы сатып алуға болады.
Қосымшаны құрастырушылар талапкерлерге қосымшаға қалай қол жеткізуге чат ашып қойған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қосымшаны құрастырғандардың қолына тапсырмалар базасы қалай қолжетімді болғаны туралы білмейтінін мәлімдеді. "Министрлік тест сұрақтары базасы туралы мәліметтерді және қосымшаны құрастырушылардың қолына ол қалай түскенін білмейді, себебі министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тестілеу сұрақтарын әлеуметтік желіде сатумен айналыспайды", - делінген ҚР БҒМ жауабында.