ҰБТ жауаптары алдын-ала сатылған ба?

ҰБТ жауаптары алдын-ала сатылған ба?

ҰБТ жауаптары алдын-ала сатылған ба?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде ҰБТ кезінде жақсы балл алуға көмек береді деген қосымша сатып жатыр деген қауесет тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҰБТ бағдарламасын алдай алатын қосымша туралы ескертуді Facebook желісінде алматылық Дидар Марданов жариялады. "Білім және ғылым министрлігіндегілер әлеуметтік желіде ұлттық бірыңғай тестілеу бағдарламасын айналып өтіп, жақсы ұпай жинауға көмектесетін қосымшаның таралып жатқаны туралы біле ме екен? Алаяқтықтың иісі шығып тұр. Зерттеуге және қандай да бір шара қолдануға кеңес беремін", - деді Дидар Марданов дерек ретінде скришот жариялап. Бағдарламаны пайдалану үшін QIWI-кошелек арқылы сатып алуға болады. Қосымшаны құрастырушылар талапкерлерге қосымшаға қалай қол жеткізуге чат ашып қойған. ҚР Білім және ғылым министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қосымшаны құрастырғандардың қолына тапсырмалар базасы қалай қолжетімді болғаны туралы білмейтінін мәлімдеді. "Министрлік тест сұрақтары базасы туралы мәліметтерді және қосымшаны құрастырушылардың қолына ол қалай түскенін білмейді, себебі министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тестілеу сұрақтарын әлеуметтік желіде сатумен айналыспайды", - делінген ҚР БҒМ жауабында.  width= ҚР БҒМ өкілдері заңға сәйкес мемлекеттік қаржыға өткізілетін ҰБТ және ТКТ тестілерінің дұрыс жауаптар кодтарын жария ету мемлекеттік құпияны жариялаумен тең екенін түсіндірді. "Мемлекеттік құпиялар туралы" ҚР заңына сәйкес, Ұлттық тестілеу орталығының атынан ҚР ҰҚК-не хат жіберіледі. Сол себепті заңбұзушылықтар жайлы немесе алаяқтық мәселесі туралы қызметтік тексерістен кейін ғана шара қолдануға болады", - деді ҚР БҒМ өкілдері. Министрлік барлық талапкерге ҰБТ-ға дайындалу үшін тек ресми дереккөздерді не олардың филиалдарынан пайдалануға кеңес береді. Ұлттық тестілеу орталығы және оның филиалдары сынама тестілеулерді қағаз форматында өткізеді. Олардың адресін мына жерден көруге болады. Сонымен қатар, онлайн-тестілеуден де өтуге болады. Сондай-ақ "Егемен Қазақстан" газетінде апта сайын кітапша болып тест тапсырмалары жарияланады.