Өзбектер шұжықтан неге бас тартты?
Өзбектер шұжықтан неге бас тартты?
Өзбекстанның Пайарық ауданының тұрғындары аймақта есектер тағы да жоғала бастағанын айтты. Сол себепті олар шұжықтан бас тартқан, деп жазады centralasian.org.
Соңғы он күнде ауданда кем дегенде екі есек ұрланған. Тұрғындар есектерді белгісіз біреулер сойып, терісін сыпырып әкеткенін кейін көрген. "Есектің терісі қымбат деседі. Естуімше, бір есектің терісі 100 доллар тұрады екен", - дейді Пайарық ауданының бір тұрғыны.
Есек ұрланып жатқанын естіген аудан халқы шұжықтан бас тарта бастады. "Біздің махалланың тұрғындары шұжық жемейтін болды, өйткені есектің етінен жасалған болуы мүмкін деп қауіптенеді", - дейді жергілікті тұрғындар.
Пайарық аудандық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жергілікті тұрғындардың ешқайсысы есек жоғалғаны туралы арызданбаған. "Біздің ауданда есек сатылмайды. Арызданбағанының бір себебі сол болса керек", - деді басқарма өкілі.
2016 жылы желтоқсанда Самарқанда есек бизнесімен шұғылданған бір топ адам жазаланды.