Жаңалықтар

Сталин чех қаласының құрметті азаматы мәртебесінен айрылды

ашық дереккөзі

Сталин чех қаласының құрметті азаматы мәртебесінен айрылды

Чехиядағы Ческе-Будеёвице қаласының билігі Иосиф Сталиннің "қаланың құрметті азаматы" мәртебесінен айырды. Бұл туралы  Чехияның қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Сталин құрметті азаматтықты 1945 жылы алған. Мәртебеден айыру туралы пікір-талас биыл көктемде басталған еді. Айта кетерлік жайт, қала басшысы мұндай бастамаға қарсы шыққан. Ческе-Будеёвице қаласы барлығы 118 адамға құрметті азамат мәртебесін берген. Олардың арасында совет ғарышкері Валентина Терешкова да бар. Оны бұл тізімге 1979 жылы қосқан. Содан бері бұл қалада мұндай мәртебе ешкімге берілмепті. Бұған дейін Чехияның көптеген ірі қалалары Сталиннің құрметті азамат мәртебесінен айырған еді.