Астанаға ұшуы тиіс Air Astana ұшағы Бейжіңде қалып қойды

16 мамыр, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Астанаға ұшуы тиіс Air Astana ұшағы Бейжіңде қалып қойды Air Astana компаниясының ұшағы Бейжің әуежайынан ұша алмады, деп хабарлайды 24.kz.  Бейжің-Астана бағытындағы ұшақ елордамызға бүгін түнгі 02:55-те ұшып шығуы тиіс болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Енді Airbus-тың Бейжің уақытымен 23:55-те ұшуы жоспарланған. Ал рейстің 118 жолаушысы қонақүйлерге жайғастырылған.