Астанаға ұшуы тиіс Air Astana ұшағы Бейжіңде қалып қойды

Астанаға ұшуы тиіс Air Astana ұшағы Бейжіңде қалып қойды

Астанаға  ұшуы тиіс Air Astana ұшағы Бейжіңде қалып қойды
ашық дереккөзі
Air Astana компаниясының ұшағы Бейжің әуежайынан ұша алмады, деп хабарлайды 24.kz.  Бейжің-Астана бағытындағы ұшақ елордамызға бүгін түнгі 02:55-те ұшып шығуы тиіс болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Енді Airbus-тың Бейжің уақытымен 23:55-те ұшуы жоспарланған. Ал рейстің 118 жолаушысы қонақүйлерге жайғастырылған.