Жаңалықтар

2016 жылы «Nokia» нарықты қайта жауламақ

ашық дереккөзі

2016 жылы «Nokia» нарықты қайта жауламақ

Nokia смартфондар нарығына 2016 жылы қайта оралады. Microsoft-пен арадағы келісімге орай, финдік компания өзінің брендімен 2016 жылға дейін ешқандай мобильдік құрылғылар шығара алмайды. Келісім уақыты біткен соң қайта оралуды жоспарлап отырған Nokia бүгінде қызметкерлер жинап, алдағы жылы шығаратын телефондарды құрастырумен айналысып та кетті.

Nokia виртуалды шынайылық саласында бірнеше технологиялық жоба жасап жатыр. Ол жерде Samsung, HTC, Facebook және Oculus компанияларының да қатысы бар. Финдердің нарыққа шығуымен Nokia Technologies айналыспақ. Компания 2014 жылдың соңында Android операциялық жүйесі негізіндегі №1 планшетін шығарған еді. Олардың ендігі жоспарында жаңа смартфондар құрастырып, кейін оны басқа компаниялармен және Nokia брендімен бірге лицензиялау мәселесі қарастырылып отыр.