Путин: Сириядағы қақтығыстарды реттейтін келісім алаңын ұсынғаны үшін Н.Назарбаевқа алғыс айтамыз!

Путин: Сириядағы қақтығыстарды реттейтін келісім алаңын ұсынғаны үшін Н.Назарбаевқа алғыс айтамыз!

Путин: Сириядағы қақтығыстарды реттейтін келісім алаңын ұсынғаны үшін Н.Назарбаевқа алғыс айтамыз!
ашық дереккөзі
 Ресей Президенті Владимир Путин Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша Астана процесі аясындағы келісімдер үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.  «Қауіпсіздікке байланысты (Сириядағы) мұны іске асырылатын құрал деп есептеймін, бәрінен бұрын бұл - соғысты тоқтату режімін сақтау. Іс жүзінде бүгінгі кезеңдегі  ең бастысы - оқ атуды тоқтату режімін нығайту, бекіту, ал осының негізінде  мәміле жасауға жағдай туғызу және келесі саяси процестерге негіз қалау»,- деді Ресей көшбасшысы Қытай астанасында өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық Форумының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында. Путиннің айтуынша, егер жағдай осы сценарий бойынша жалғасар болса, елдер алға қойған мақсатына жетеді деп есептеуге болады. Бірақ оқ ату тоқтатылмай, саяси процесте қандай да бір тиімділікке қол жетеді деген әңгіме болуы мүмкін емес. «Бұл кезеңде тап осыны жасау керек. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады? Міне біз Астанада осыған келістік. Осындай алаң ұсынғаны үшін Қазақстанға және Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа  алғыс айтамыз. Енді біз  әскери деңгейде Анкарада (Ресей, Иран және Түркия)  сириялық тараппен ұдайы консультация жасай отырып, осы деэскалация аймағының нақты шекарасын талқылайтын боламыз, және екіншісі бақылау элементтері: қалай, қашан және қайда, кім бақылайтын болады. Бұл практикалық, нақты мәселелер, олар талқылауды қажет етеді және ол туралы айтуға әлі ерте», - деді РФ президенті.