Жаңалықтар

Әскерилер мен оралмандарға пәтер алу кезегі өзгертілуі мүмкін

ашық дереккөзі

Әскерилер мен оралмандарға пәтер алу кезегі өзгертілуі мүмкін

Сонымен қатар әскери қызметшілерді де тізімнен алып тастау мәселесі көтерілді. Олар жеке кезекке тұрғызылады және олар үшін несиелеудің жеңілдікті шарттары қарастырылатын болады, - деп хабарлайды Elorda.info. Мемлекеттік қор баспанасы кезегінде тұрған репатрианттарды кезектен алып тастау ұсынылуда, деп хабарлады қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында. "Біз бірнеше мәрте ұсыныс жасадық және сол пікірде қаламыз, аталған категорияны кезектен алып тастау қажет. Біздің ұсынысымыз қазір үкіметте қызу талқыланып жатыр", - деді Ахметов. Оның айтуынша, мүлікті меншіктен шығарғаннан кейінгі бес жылдық мерзім мәселесін Астана әкімі де қарап жатыр. "Егер адам мемлекеттік қордан бір мәрте пәтер алған болса, оның тағы бір баспана алуына шектеу қою керек", - деп атап өтті ол. Белгілі болғандай, оралмандар квота бойынша Қазақстан аумағына осындай құқық беретін өңірлердің бірі арқылы кіре алады да баспана орнына ақшалай өтемақы алады, ал мұны дерекқорға енгізу мүмкін емес, кейін елордаға келіп баспана алу кезегіне тұра алады. Кезекке тұрар кезде тұрғын үй басқармасы бірінші кезекте елордадағы үш жылдық тіркелуді және еліміз аумағында баспанасының бар-жоғын тексереді. "Вечерняя Астана" газеті хабарлағандай, Ахметовтың айтуынша, мұнымен бірге, баспана тізімінен әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі де тұр, олар бөлек кезекке тұрғызылады және олар үшін несиелеудің жеңілдікті шарттары ойластырылады. Осылайша басқарма мамандары кезекте тұрған адамдардың санын екі есе азайтпақ. Бүгінгі күні коммуналдық тұрғын үй қоры баспанасына зәру адамдардың саны - 45 516. Ресми мәлімет бойынша, 25 жыл (1991 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың қаңтары) ішінде Қазақстанға 957 764 қандасымыз оралған, егер олардың балаларын, сонымен бірге мемлекеттің бағдарламасының көмегінсіз келгендерді қоса есептейтін болсақ - 1 миллион адамнан асады (еліміздегі қазақтардың 10 пайызы). Оралмандар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында, оның ішінде Жаңаөзен, Алматы, Астана мен Тараз қалаларында көбірек қоныстанған. Соңғы толқын оралмандарының басым бөлігі жұмыс оңай табылатын елордаға немесе облыс орталықтарына қоныстануға ұмтылуда. 2014 жылдан бері Астана мен Алматы қоныс аударуға болатын қалалардың тізіменен алынып тасталған.