Жыл басынан бері Қазақстанда 17 бала суға кетті

Жыл басынан бері Қазақстанда 17 бала суға кетті

Жыл басынан бері Қазақстанда 17 бала суға кетті
ашық дереккөзі
2017 жылы Қазақстандағы су қоймаларында 33 адам суға кетті, оның 17-сі балалар. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Атап айтқанда, 2016 жылы суға түсу маусымында 393 адам ажал құшып, соның 147-сі балалар мен жасөспірімдер. Ал биылға суға шомылу маусымы енді ғана басталып жатыр. Өзендер мен көлдерде балаларға қатысты қайғылы оқиғалардың көбі қауіпсіздік ережелерін сақтамау мен ата-аналардың дұрыс қарамауынан орын алып жатады. «Әрбір адам су қоймасындағы қауіпті жерлер мен оның ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Себебі дұрыс жабдықталмаған орындарда денсаулыққа зиян келтіретін заттар болуы мүмкін. Судағы моторлы қайықтарға жақын жүзу өте қауіпті», - деп ескертті Иманқұлов. Сонымен қатар ресми өкіл белгілі бір температуралық режімдерде суға түсу уақыты жайында есте сақтайтын мәліметтерді айтты. «Су температурасы +18 болғанда, шомылу уақыты 6-8 минут, +20 кезінде 10-12 минут, ал егер температура +20-дан асқан жағдайда, онда 15 минут шомылуға болады», - деді Руслан Иманқұлов.