Жаңалықтар

Атом саласы бойынша ғылымды дамытуға 1,5 миллиард теңге жұмсалған

ашық дереккөзі

Атом саласы бойынша ғылымды дамытуға 1,5 миллиард теңге жұмсалған

Атом саласындағы ғылымды дамыту үшін 4 бағдарлама қабылданып, 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалған. Бұл туралы Мәжiлiсте «Уран өнеркәсiбiнiң дамуына» арналған Үкiмет сағатында ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Асланбек Әмрин айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Атом саласындағы ғылыми жұмыстарды негiзiнен Ядролық физика инситуты, Энергетика министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы жүргiзедi. Министрлiк ғылыми гранттар мен мақсатты бағдарламалық қаржыландыру жүйесiн ұсынады», - деп түсіндірді Асланбек Әмрин. Бiлiм және ғылым вице-министрiнің айтуынша, 2015 жылы 1,5 млрд теңгеге 4 бағдарлама қабылданған. «Оның iшiнде Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту саласына 985 млн теңге бөлiндi. Бұл бағдарламалар биыл аяқталады. 2017 жылдың соңында бағдарламалар техникалық сараптамадан өтiп, тиiмдiлiгi анықталады. Сондай-ақ, биыл тағы 24 жоба қаржыландырылмақ», - деп түйіндеді ол.