Жаңалықтар

Мемлекеттік компания банкротқа ұшырады

ашық дереккөзі

Мемлекеттік компания банкротқа ұшырады

Қытайдағы Сhina South Industries Group-тың бөлімшесі трансформатор өндіруші Baoding Tianwei компаниясы уақытында облигацияларды төлей алмауына байланысты дефолт жариялады, - деп хабарлайды Bloomberg.

Tianwei — дефолтқа ұшыраған Қытайдағы алғашқы мемлекеттік компания болмақ. Банкроттыққа компанияның 2014 жылы 1,4 млрд доллар көлемінде шығынға ұшырауы себеп болды. Bloomberg-тің жазуынша, компанияның банкроттығына ел премьері Ли Кэцянның саясаты әсер етті. Үкімет нарыққа қандай компанияның өмір сүре алатындығын, қандай компанияның құрдымға кететіндігін анықтауға мүмкіндік берген. Бұған дейін Ли нарыққа үкіметтің ықпалын азайтып, ырықтандыру жүргізуге уәде берген.

Бұл арада Пекин билігі қаржылай жүйеге жалпылай үлкен шығын келтірмейтін «жасанды» дефолттарға сенім артып отыр. Қазір қытайлық корпорациялардың нарыққа шығаратын облигацияларының 91 пайызы мемлекеттік қатысы бар фирмаларға тиесілі. Осыған қарамастан Қытай ұжымдық қарыздың көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді. 1997 жылы азияық дағдарыс басталар алдында Оңтүстік Кореяда осындай көрсеткіштер тіркелген еді. 2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қытайлық экономика тек 7 пайыз өсім көрсеткен. Мемлекет пен ОБ  қатаң саяси-несиелі саясатты сақтай отырып, ырықтандыру мен экономиканы жаңашаландыру арқылы экономика өсімін бірқалыпта ұстап отыруға тырысып отыр.