Google Яндекс-ке 6,57 млн доллар айыппұл төледі

Google Яндекс-ке 6,57 млн доллар айыппұл төледі

Google Яндекс-ке 6,57 млн доллар айыппұл төледі
ашық дереккөзі
Google корпорациясы Ресейдің антимонополиялық заңнамасын бұзғаны үшін 6,57 млн доллар айыппұл төледі. Яндекс пен Google арасындағы дау екі жылдан бері жалғасып келеді. 2015 жылдың ақпанында ресейлік «Яндекс» компаниясы Google-ға қарсы шағым түсіріп, Android операциялық жүйесінде орнатылған қосымшаларды асыра пайдаланды деп айыптаған болатын. 2015 жылдың күзінде Ресейдің Федералдық антимонополиялық қызметі «Яндекстің» талабын дұрыс деп тауып, Google-ден кемшіліктерді жоюды талап етті.  Google Мәскеудің арбитраждық сотына қарсы шағым түсіргенімен, шешім өзгеріссіз қалған. Дереккөз: www.segodnya.ua