Жаңалықтар

Әнші Айгүл Иманбаева ескі көйлектерін сатпақшы

ашық дереккөзі

Әнші Айгүл Иманбаева ескі көйлектерін сатпақшы

 Айгүл Иманбаева ескі сахналық көйлектерін сатылымға шығарды. Танымал әнші Айгүл Иманбаева сахнаға киген көйлектерін сатылымға шығарды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады. "Құрметті менің оқырмандарым! Сахнаның адамы болған соң, көйлекті арнайы көп тіктіреміз. Бірақ 3-4 рет киген соң, бәрі гардеробта тұрады. Менің көмекші қыздарым сол көйлектерді сатылымға шығаруымды өтінді. Тәуекел деп, 50-60% жеңілдікпен шығардым сатылымға", - деп жазады әнші. Желі оқырмандарының арасында Иманбаеваны қолдап, ісіне сәттілік тілегендер де, бұл ісінен ұятты нәрсе көргендер де табылды.