ОҚО-да жаңа туған сәбиге АҚШ президентінің есімі берілді

ОҚО-да жаңа туған сәбиге АҚШ президентінің есімі берілді

ОҚО-да жаңа туған сәбиге АҚШ президентінің есімі берілді
ашық дереккөзі

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңа Базар ауылына қарасты Көкібел елді-мекенінде АҚШ президентімен аттас сәби тұрады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан басылымы хабарлады. 

2016 жылдың қарашасында туған сəбиге Дональд деген есімді атасы Кəдірбай ақсақал берген. Қарияның айтуынша, немересінің есімін Америка Құрама Штаттарының президенті  Трамптың құрметіне қойған екен.

Дональд - Шыңғыс бен Назгүлдің үшінші перзенті. АҚШ президенті секілді ел басқаратын адам болсын деген ниетте есімі қойылған Дональдтің Ханбатыр, Береке есімді қос ағасы бар. Сәбидің анасы Назгүл мектепте тəлімгер болып жұмыс істейді. Ал, əкесі жеке кəсіпкер.