Жаңалықтар

Алматыда атыс ұйымдастырғандар бала ұрламақ болған

ашық дереккөзі

Алматыда атыс ұйымдастырғандар бала ұрламақ болған

Кеше кешке жақын Алматының "Мамыр" шағынауданында жаппай төбелес болып, соңы атыспен аяқталған. Салдарынан бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 

 Полицейлердің хабарлауынша, төбелеске қатысушылар - төрт жігіт пен бір қыз MercedesGеlendwagen көлігімен қашып үлгеріпті. Қала бойынша іздеу жоспары жарияланған. Куәгерлердің сөзінше, қарақшылар бала ұрлауды жоспарлап, ақыры аяғында оның әкесін атып кеткен. Оқиға орнында болғандар Gеlendwagen мінген адамдар Toyota 4runner көлігінен баланы алып кету үшін рөлде отырған жеткіншектің ағасын тапаншамен атпақ болғанда оқ әкесіне тигенін айтады. Бұл ақпаратты ер баланың өзі ре растады.   Қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, атыс болмаған.  Бірақ оқиға куәгерлері ер адамның басына травматикалық қарудан оқ атылғанын айтып, бой бермей отыр. Тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеуге кірісті.