Елбасы Бейжіңдегі халықаралық форумға қатысты

Елбасы Бейжіңдегі халықаралық форумға қатысты

Елбасы Бейжіңдегі халықаралық форумға қатысты
ашық дереккөзі
Елбасы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келген  «Бір белдеу, бір жол» атты Бейжіңдегі халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Форумның басты мақсаты - ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу. Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады.