Рельстен шығып кеткен пойыз тұрғын үйге соғылды

Рельстен шығып кеткен пойыз тұрғын үйге соғылды

Рельстен шығып кеткен пойыз тұрғын үйге соғылды
ашық дереккөзі
Грекияда  Салоники қаласына жақын  маңда  Intercity "Афины-Салоники"  халықаралық жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы Грекиялық Skai телеарнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Апаттан бірнеше адам зардап шеккен. "Салоники қаласынан тыс жерде, Адендро   елді мекеніндегі теміржол стансасына  таяу маңда 100 адамды алып келе жатқан халықаралық жолаушылар пойызы жергілікті уақытпен 9.40-та рельстен шығып кетті",- делінген хабарламада. Алдын ала болжамдарға қарағанда, рельстен 5 вагон шығып кеткен, ал локомотив тұрғын үйге соғылған.  Машинистің жағдайы ауыр, сондай-ақ бірнеше адам жарақаттанды. Апат салдары жайлы әзірге айтылмай отыр.