Әзірбайжан банкі тығырыққа тірелді

Әзірбайжан банкі тығырыққа тірелді

Әзірбайжан банкі тығырыққа тірелді
ашық дереккөзі
Әзірбайжанның халықаралық банкі банкроттың сәл-ақ алдында тұр. Аталған қаржы ұйымы елдегі валюта тапшылығы салдарынан сыртқы қарызын төлей алмауда. Енді, банк басшылығы кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат шетелік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 10 мамырда Әзербайжанның халықаралық банкі өзінің негізгі қарызы мен несиенің мөлшерлемесін өтеу үшін 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі төлемді өткізді. Қарыздың тағы бір бөлігін Әзербайжанның құнды қағаздарына айырбастау жоспарланып отыр. Оған қоса, шетелдік валютамен берілген несиені қайта құрылымдау мәселесі міндетті түрде қаралатын болады. Оған кредиторлардың қолдауы қажет. Себебі қарыздың жартысынан көбі - кредиторлардың ақшасы. «Төлемдерді тоқтату туралы шешімнің өкінішті жағдай екенін түсінеміз. Қазіргі кезде Әзербайжанның халықаралық банкінің жұмысын қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қолға алу қажет» - делінген банктің ресми хабарламасында.