Жаңалықтар

Қанат пен Жанқош бір кеште жекпе-жек өткізеді

ашық дереккөзі

Қанат пен Жанқош бір кеште жекпе-жек өткізеді

Кəсіпқой бокста əлі жеңіліп көрмеген қазақстандық қос боксшы Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров бір кеште кездесу өткізеді. Бұл туралы alzhan.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

Бұл кездесулер 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өтеді. Жанқош Тұраров өзінің кезекті кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын болды. Жанқош бұл кездесуге дайындық үстінде, ал қарсыласы əлі белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, Қанаттың қарсыласы - мексикалық Норберто Гонсалес. Ол рейтингте Қанаттан бірнеше сатыға жоғары тұр.