Сең қозғалды
Сең қозғалды
Questra Holdings Inc. компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратура. Бас прокуратура өкілдері осыған дейін БАҚ-тарда және ҚР Парламентінің депутаттарының Questra Holdings Inc. компаниясы жайлы сөз еткенін айтып өтті.
"Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен ішкі істер органдарының қызметкерлері биыл 15 наурызда Questra Holdings Inc. компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады. ІІМ-не бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау берілді", - делінген Бас прокуратураның сайтында.
Прокуратура өкілдері қаржы пирамидаларының адал ұйымдардан айырмашылығы неде екенін түсіндіріп берді.
"Біріншіден, олар орасан зор пайдаға кенелтемін деген уәдемен адамдарды жаппай өздеріне тартады. Ал ондай пайданы ешбір банк те, ешбір басқа ұйым да қамтамасыз ете алмайды. Бұл күмән туғызуы керек.
Екіншіден, олар шет елде тіркелген, құрылтайшылары белгісіз, ақша шет елге шығарылады. Олардың өкілдері ақшаны қалай табатындарын және алынған қаражатты қайда салатындарын нақты, анық түсіндіріп бере алмайды. Оның орнына сіз маңызды серіктес пен жобалар туралы алдын ала дайындалған әңгімелерді естисіз, әдемі буклеттерді көресіз.
Үшіншіден, олар сіз жаңа клиенттер әкелсеңіз, қосымша табыс төлейтіндерін уәде етіп үнемі ынталандырып отырады. Осы белгілердің барлығы Қазақстанда жарнамасы мен қызыметіне тыйым салынған қаржы пирамидасына нақ кез болғаныңызды көрсетеді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексиің 150-бабы және ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы)", - делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
Осыған байланысты ведомство өкілдерді алаяқтарға алданып қалған жағдайда полицияға немесе экономикалық тергеу қызметіне жүгіну керектігін айтып өтті. "Ұлттық Банкпен, ІІМ-мен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп жағдайды бақылауға алып, қаржы пирамидаларының қызметтерін бұлтартпау үшін шаралар қабылдаймыз. Азаматтарды сақ болуға және өз қаражаттарын алаяқтарға сеніп тапсырмауға шақырамыз. Күмән туған жағдайда, ақшаны салмас бұрын құқық қорғау органдарына жүгінген жөн", - деді прокуратура өкілдері.