Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды

12 мамыр, 2017 / Ақниет ОСПАНБАЙ
ашық дереккөзі
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды Ресейдің Новгород облысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 489 жауынгердің сүйегі табылып, 15-нің аты-жөні белгілі болды деп хабарлайды Хабар 24. Оның екеуі – қазақстандық. Бірі Атырау облысынан Құспан Боранбаев болса, екіншісі – Жамбыл облысының тумасы Расул Убайдуллаев. «Естелік» халықаралық вахтасына петропавлдық «Саланг» әскери-патриоттық клубы да қатысты. Клуб жетекшісі Александр Азегов осы жолы өзімен бірге 6 адамды ертіп барды. Олар 2 апта орманда тұрып, қан майданда мерт болып, із-түзсіз жоғалған жауынгерлерді іздеген. Александр Азегов, «Саланг» әскери-патриоттық клубының жетекшісі: - Бұл жолы жауынгерлер жердің жоғарғы жағынан шықты. Сүйектері мен жеке заттары шіріп кеткен. Сондықтан өте қиын болды. Оның үстіне 2 жұма жаңбыр жауды. Бұл – менің 25 жылдағы ең ауыр сапарым.