Автобуспен соқтығысқан "Гелендвагеннің" тізгінінде прокуратура қызметкері болған
Автобуспен соқтығысқан "Гелендвагеннің" тізгінінде прокуратура қызметкері болған
Алматыда автобуспен соқтығысқан G-санаттағы Mercedes-Benz көлігін прокуратура қызметкері тізгіндеген. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
"G-санатындағы Mercedes-Benz көлігінің рөлінде Алматы қаласы аудандық прокуратурасының қызметкері болды. Ағымдағы жылдың екінші мамырынан бастап ол кезекті еңбек демалысында болған", - дейді NUR.KZ тілшісіне Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінде. Еске салсақ, Алматының Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 23 адам түрлі жарақат алды.