Биылғы пітір садақа мөлшері - 300 теңге

Биылғы пітір садақа мөлшері - 300 теңге

Биылғы пітір садақа мөлшері - 300 теңге
ашық дереккөзі
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды. Бұл туралы zakon.kz, ҚМДБ Баспасөз қызметі таратқа ақпаратқа сілтеме жасп хабарлайды. Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет. Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.