Елімізде әкелер құқығын кім қорғайды?

Елімізде әкелер құқығын кім қорғайды?

Елімізде әкелер құқығын кім қорғайды?
ашық дереккөзі
Онда әйелімен ажырасқаннан кейін балаларын бір көруге зар болып жүрген әкелердің жайы қаралмақ. Бастамашылардың айтуынша, мұндай жағдайға душар болғандардың дені соттың шешіміне наразы. Бұл туралы Хабар 24 арнасы тарқатып берді.  Өйткені судьялар біржақты шешім шығарады деушілер көп. Евгенийдің бірінші некеден 2 баласы бар. Зайыбы қайтыс болғаннан кейін балапандарын қанаттыға қақтырмай өзі өсірді. Уақыт өткен соң екінші рет отбасын құрып, қызды болды. Бірақ бұл жолы да басынан бақыт тайды. Іс сотқа жеткенде, судья әйелінің сөзін сөйлеп, Евгенийге қызын бір аптада 2 сағатқа ғана көруге рұқсат берген. Евгений Невьянцев, Алматы қаласының тұрғыны: - Мұндай жағдайда не әйелдің, не еркектің жағына шығу міндетті емес. Бастысы, баланың құқығы қорғалуы керек. Мәселен, егер ол әкесінің қасында жақсы өмір сүретін болса, неге әкесімен қалмасқа?! Қазір қызым екеуміз бір-бірімізді көрмейміз десем де болады. Мен анасының қызымен араласқанына қарсы емеспін. Жарайды, ата-анасының дәм-тұзы жараспаған шығар. Бұдан бала жапа шекпеуі керек қой. Осы орайда Әділет министрлігінің де айтары бар. Мамандар: «заңда екі жақтың құқығы бірдей екендігі тайға таңба басқандай жазылған», – деп отыр. Руслан Балғазин, ҚР Әділет министрлігінің департамент директорының орынбасары: - Ажырасу процесінде сот баланың жағдайын ескереді. Яғни оны кім баға алады, кімге жақын өскен, ата-анасы қалай өмір сүреді, бауырларымен қарым-қатынасы қандай – осының бәрі қаралады. Содан кейін барып оның кіммен қалатынын шешеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген мәліметке сүйенсек, елімізде 500 мыңнан астам отбасының шаңырағы ортасына түскен. Мұндай жағдайдың 87%-ында балалар анасымен қалса, қалғаны әкелердің қамқорлығында.