Трамп мен Ердоған кездеспек

Трамп мен Ердоған кездеспек

Трамп мен Ердоған кездеспек
ашық дереккөзі
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ басшысы Дональд Трамп кездеседі, деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі. Екі ел басшылары мамырдың 16 күні Ақ үйде кездесіп Вашингтон мен Анкара арасындағы қарым-қатынас пен терроризммен күрес жайында сөйлеспек. Кеше Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдап, онымен де терроризммен күрес, Сүриядағы «Ислам мемлекеті» лаңестік ұйымына қарсы бірлесіп жұмыс жасау жайында сөйлескен болатын.