Дэниэл Джейкобс: Головкин менен қашып жүр
Дэниэл Джейкобс: Головкин менен қашып жүр
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейін екі ай өткен соң қарсыласын тағы бір мәрте реваншқа шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкиннің командасы мені нокаут күтіп тұрғанын білді. Адамдар білді менің жеңілетінімді. Мен 1/8 андердог деңгейінде болдым. Бірақ мен бүкіл әлемге өзімнің кім екенімді көрсеттім. Сіздер сүйетін әрі біраз адамдардың ойынша құбыжық болып саналған Головкиннің жай ғана адам екенін көрсеттім. Әлемнің ең жойқын боксшысы біреуден қашып жүр, себебі мен лагерьде реванш туралы естігенім жоқ. Алдағы төрт бес кездесуінің қарсыластарын естідім, бірақ ол уақытқа дейін бокстан кетіп қалуы мүмкін", - деді төртінші раундта нокдаунға түсіп қалған Джейкобс Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында. Спортшының ойынша, барлық көрермен Головкиннің емес, өзінің ең үздік көрсеткішін көрген. "Біздің жекпе-жектен кейін көп адам ол туралы емес мен туралы жақсы пікірлер айтып жатыр.
Қағаз жүзінде жеңілсем де, ел құрметіне бөлендім, себебі мен соған лайықтымын. Мен шын мәнінде де өзімді сол жекпе-жекте жеңдім деп ойлаймын. Мен Головкиннің біраз әлсіз тұстарын көрсеттім. Мен өзімнің жұдырықтасуыма ризамын, бірақ одан да жақсы өнер көрсете аламын. Головкинді жеңу үшін оны нокаутқа түсіруім қажет болды. Шынымды айтсам оның соққыларынан қатты әсер алдым деп айта алмаймын. Мен оны сұмдық деп ойлайтынмын", - деді ол. Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Айта кетейік, Головкиннің "Канелоға" қарсы жаттығу лагері шілде айының орта тұсында басталады. Ал мексикалық екі аптадан кейін жаттығуға оралуды көздеп отыр. Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр