Жаңалықтар

Жеңіл атлеттер қоржыны 10 медальға толықты

ашық дереккөзі

Жеңіл атлеттер қоржыны 10 медальға толықты

Алматы қаласында жеңіл атлетикадан 1998-1999, 2000-2001 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Аталмыш спорт додасына Қызылорда облысы №4 олимпиадалық  резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары да қатысып, жақсы нәтижемен оралды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА-ның өңірдегі тілшісі. Қызылорда облыстық спорт басқармасынан мәлім еткендей, жастар арасында Руслан Мұратбай ядро итеруден жеңімпаз атанса, Ғаламат Әуесбай найза лақтырудан қола жүлдені иеленді.  3000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден Рақымжан Келманов  бірінші болып келсе, 1500 метрге жүгіруден үшінші орынға ие болды.  Светлана Саунина 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден - екінші, Азамат Құлдас 800 м қашықтыққа жүгіруден үшінші орындарды еншіледі. 2000-2001 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында  Қадыр Жалғас 400 м қашықтыққа жүгіруден ел чемпионы атанды. Галина Панасенко 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден - алтын, 3000 м қашықтыққа жүгіруден күміс жүлдеге ие болды. Мөлдір Әзімханова 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2-орынды иеленді.