400 тұрғыны бар Италиялық ауылдың мэрі көшіп келген адамға 2 мың еуро төлемек

400 тұрғыны бар Италиялық ауылдың мэрі көшіп келген адамға 2 мың еуро төлемек

400 тұрғыны бар Италиялық ауылдың мэрі көшіп келген адамға 2 мың еуро төлемек
ашық дереккөзі
Небәрі 400-ге жуық тұрғыны бар Италиядағы Бормида ауылының мэрі өңірге көшіп келген кез келген жаңа тұрғынға 2 мың еуро сыйлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы deadbees.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. Жаңа тұрғындар аптасына 12,5 еуроға арзан үй жалдап тұра алады. Оқшауланған ауылдың 400-ге жетпейтін тұрғыны бар. Жергілікті мэр Даниэле Гальяно ауылдың тіршілігі тоқтап қалмас үшін Facebook желісінде сыйақы беретінін мәлімдеді. Бұл ұсынысқа қызығушылық танытқан ондаған адам көшуге дайындалып жатыр. Аталмыш ауылда тұрғысы келетіндер қатарында Дания, Үндістан, АҚШ, Ұлыбритания, Венгрия, Индонезия елінің азаматтары бар. Төрт мейрамханасы мен шіркеуі ғана бар ауылда мүлде жұмыс орны жоқ. Дегенмен интернет арқылы жұмыс істейтін азаматтарды бұл еш алаңдаттырмайды. Себебі, ауылда Wi-Fi қызметі бар. "Ауылда түк қызық жоқ. Дегенмен таза ауа, көрікті тау мен теңіз бар. Тыныш өмірді аңсайтындар үшін таптырмайтын мекен", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.