Жаңалықтар

Үздік күйшілер мен термешілердің «Мен қазақпын» xалықаралық байқауы

ашық дереккөзі

Үздік күйшілер мен термешілердің «Мен қазақпын» xалықаралық байқауы

Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Байқаудың басты мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі –18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады. "Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің руxани тамырымыз – ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу – елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен "Қазақстан"ұлттық арнасы, "Мен қазақпын" атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз. Жобаның мақсаты – дәстүрлі әнші, термеші мен күйшілерімізді, еліміздің әрбір аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насиxаттау. Сондықтан "Мен қазақпын" жобасының түпкі нәтижесі руxани мұраны ұрпақ кәдесіне жарата отырып, ұлттық тұтастықты нығайту болуы тиіс, яғни бұл барша xалқымыздың басын қосып, жұдырықтай жұмылдыратын жоба болуы керек. Міне, сол үшін біз жобаға тек еліміздің өнерпаздарын ғана емес, жырақтағы қандастырымызды да қатыстыруды көздеп отырмыз", – дейді министр Абаев. "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Кариннің айтуынша, байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусымда Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.