Эйр Астана, ҚазМұнайГаз және Қазатомөнеркәсіп жекешелендіріледі

Эйр Астана, ҚазМұнайГаз және Қазатомөнеркәсіп жекешелендіріледі

Эйр Астана, ҚазМұнайГаз және Қазатомөнеркәсіп жекешелендіріледі
ашық дереккөзі
Еліміздің ірі компаниялары - «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей жекешелендірілетін болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сәрсенбі, 10 мамыр күні мәлімдеді. «Үш компанияның акциялары IPO арқылы сатылатын болады», - деді министр Reuters агенттігіне Кипрде өткен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысы шеңберінде. Қазақстанда 120-дан астам шағын және орта компания жекенің қолына өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.