Жаңалықтар

Ертең ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

ашық дереккөзі

Ертең ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың жалпыұлттық жиналысының өтетіндігін хабарлады. Бұл жөнінде жұмыс беруші мекемелерге арнайы мәлімдеме таратты. Құрметті ата-аналар! Ағымдағы жылғы 12 мамыр күні сағат 18.30-да еліміздің барлық мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болатындығын тағы бір мәрте естеріңізге саламыз. Бұл күні еліміздің барлық мектебі есіктерін айқара ашпақ. Білім – бәрімізді толғандыратын ең басты сауал әрі балаларымыздың болашағы. Сондықтан бұл шарадан тыс қалмауға шақырамыз. Сондай-ақ құрметті жұмыс берушілер, сіздерден үйінде мектепте оқитын баласы бар ата-ананы жұмыстан ертерек босатып, ал кешкі ауысымда істейтіндері болса, бірнеше сағатқа ата-аналардың жалпыұлттық жиналысына жіберулеріңізді сұраймыз. Ұйымдастырушылық мәселелер шешілген, жиналыста мектептегі білім мен Қамқоршылар кеңесінің құрылуы жөнінде мағлұматтар алып, ата-аналар өздерін толғандыратын өзекті сұрақтарға жауаптар ала алады. Тағы бір маңызды нәрсе, әр ата-ана өз еркімен мектептегі кітапханаға оқуға қызықты деген кітаптарын әкелсе, нұр үстіне нұр. Өйткені, сіз оқыған қазыналы кітапты оқушылар да қызыға оқып жатса, бір ғанибет болар еді. Ал кітап – ең басты байлық әрі әдемі сыйлық.