Жаңалықтар

Моңғолия кириллицадан бас тартады

ашық дереккөзі

Моңғолия кириллицадан бас тартады

Моңғолия 2025 жылдан бастап көне моңғол жазбасымен іс жүргізуді жоспарлап отыр. Елдегі орта мектептерде көне жазбаны 1991 жылдан бері жеке пән ретінде үйретіп келеді. Бұл әліпбиде 28 әріп бар, сөздер жоғарыдан төменге қарай жазылады. Тарихи мәліметтерге қарағанда, көне моңғол жазбасы Шыңғысханның тапсырмасымен дайындалған. Оны Тататунгой ұйғыр жазуы негізінде әзірлеген. Орта ғасырларда "Құпия жазба", "Алтын жазба", "Құндылықтар қазынасы" еңбектері, сондай-ақ қасиетті саналатын "Ганжур" және "Данжур" кітаптары көне моңғол тілінде жазылды. Қазіргі моңғол тілінің әліпбиі кириллицаға негізделген, оған 1940 жылы Орталық Азиядаға республикалармен бір уақытта көшкен. Бұл мемлекеттер 1929 жылы араб қарпінен латынға өтіп, кейін кириллицаны таңдаған еді.