Қауіпсіздік бойынша Қазақстан 58-орында

Қауіпсіздік бойынша Қазақстан 58-орында

Қауіпсіздік бойынша Қазақстан 58-орында
ашық дереккөзі
Бүкіләлемдік экономикалық форум сайтында түрлі елдердегі туризмнің бәсекеге қабілеттілігі рейтингі жарияланды. Қазақстан аталған рейтингте жоғары позициялар иеленген. informburo.kz сайтының жазуынша, бизнес ортаның қолайлылығы жағынан Қазақстан 3-орынға жайғасты, ал қауіпсіздік бойынша 58-орында. «Гигиена және денсаулық» рейтингінде Қазақстан Германия, Литва, Австрия, Бельгия және Ресейден кейін 6-орында тұр. Бұл тізімді әзірлеу кезінде ел халқына шаққандағы дәрігерлердің саны, медициналық қызметтер, ауыз суға қолжетімділік, ауруханаларда төсек-орындармен қамту, ВИЧ пен безгектің таралуы секілді параметрлер ескерілді. Ал «Адам ресурстары мен еңбек нарығы» рейтингінде Қазақстан 47-сатыға тұрақтаса, ақпараттық технологиялар бойынша 52-орынға табан тіреген. Бағаның бәсекеге қабілеттілігі жағынан еліміз алғашқы ондықтың ішінде, 8-орында тұр. Рейтингтің көшін Иран, Египет, Малайзия, Алжир, Индонезия, Бутан және Йемен бастаған. Ал экологиясы тұрақты елдер тізімінде Қазақстан 99-орынға жайғасқан, әуе көлігі инфрақұрылымы бойынша – 71, жерүсті көлігі мен порттар бойынша – 91, туристерге қызмет көрсету – 97. Туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің жалпы рейтингінде еліміз 2015 жылдан бері 4 позиция қосып, 81-сатыға тұрақтады