Рига Жеңіс күнін атап өтті

Рига Жеңіс күнін атап өтті

Рига Жеңіс күнін атап өтті
ашық дереккөзі
Мерекеге орай ұйымдастырылған Ригадағы дәстүрлі марафон 2 күнге созылды деп хабарлады Хабар 24. Риганы азат екен Кеңес одағы жауынгерлерінің ескерткіші алдына ондаған мың адам жиналды. Олар сұрапыл соғыс құрбандарын еске алды, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғыс айтқан. Саясаткерлер, ардагерлер, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жеңіс күніне арналған шараға Қазақстан елшілігінің өкілдері де қатысқан. Соғыс жылдары жерлестеріміз Ресей, Украина, Беларусь, Молдова және Балтық елдерін немістерден азат етуге елеулі үлес қосқан болатын. ҚР Латвиядағы елшілігінің кеңесшісі Жазира Мырзақасымованың айтуынша, Қазақстанның 1 миллион 800 мың азаматы майданға аттанып, жартысы еліне қайтып оралмады. 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Соғыста атылған әрбір 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылған. Қазақстан депортацияланған, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, сондай-ақ Кеңес Одағының зиялы қауым өкілдеріне баспана берді. Құрметті ардагерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Ардагерлер мерекелік жиынның төрінен орын алды. Жылдан жылға саны азайып жүрген олар үшін бұл басты мейрам. Кеуделеріне ордендері мен медаль таққан ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарын еске алды. Иван Поведенок, ардагер: - Мен үшін бұл күн алтыннан да қымбат. Немістер ауылымды түгелі қырған. Қарындасым екеуміз ғана аман қалдық. Вера Иволга, ардагер: - Бұл қасиетті күн, қуаныш сыйлаған мереке. Соғыс бітті дегенде қуанышымыз шегімізге сыйған жоқ. Тіпті алдымен біраз сенбей жүрдік. Хабар расталғаннан кейін қалай қуанғанымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ригада Жеңіс күніне арналған үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға 500-ден аса өнер өкілі қатысқан. Шара аясында қалада бейбіт шеру өтті. Фашизмге қарсы соғысқан ата-бабасының, туған-тумасының суреттерін ұстаған мыңдаған тұрғын көшеге шықты. Мерекелік шара аспанды түрлі түске бояған отшашумен аяқталды.