Зейнетақы қорынан қаржы жымқыруға байланысты тағы бір азамат ұсталды
11 мамыр, 2017 /
Ақниет ОСПАНБАЙ
Зейнетақы қорынан қаржы жымқыруға байланысты тағы бір азамат ұсталды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржы жымқырды деген күдікпен тағы бір азамат ұсталды. Ол – «Мега-Транс-Азия» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі басшысының орынбасары – Талғас Тұртаев.
Сот күдіктіні 3 айға қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Естереңізге сала кетейік, осыған дейін бұл іс бойынша 5 адам қамауға алынған еді. Олар – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік Қоғамының бұрынғы басқарма басшылары, қаржы саласына жауапты лауазым иелері мен бірқатар серіктестіктің директоры болған азаматтар.
Дияс Махамбетов, қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Сотқа дейінгі тергеу бойынша барлық күдіктілерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 бабының 4 бөлімі бойынша мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.