Өнер ұжымдары наразылық акциясын өткізді

Өнер ұжымдары наразылық акциясын өткізді

Өнер ұжымдары наразылық акциясын өткізді
ашық дереккөзі
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында мемлекеттік шығындарды қысқартуға қарсы өнер ұжымдары наразылық акциясын өткізді, деп жазады «Хабар 24». Бір қызығы, олар үкіметтің ұстанған саясатына көңілі толмай, көше кезіп шерулеткен жоқ. Керісінше, билік назарын өзіне аудару үшін ашық аспан астында көпшілікке концерттік бағдарлама көрсетті. Наразылық акциясы Бразилияда алғашқылардың бірі болып ашылған қалалық театр алдында өтті. Өнерпаздардың айтуынша, олар бірнеше ай жалақы алмаған. Өйткені экономикалық дағдарыс мәдениет саласына қатты әсер етіп, театрларды қаржыландыру айтарлықтай қысқарған. Ал амалы таусылған қызметкерлер ақысыз жұмыс істеп жүр. Мәдениет саласы алғаш рет осындай пұшайман күйге түсіп тұр