Ұлттық экономика министрі әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істемек

Ұлттық экономика министрі әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істемек

Ұлттық экономика министрі әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істемек
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды ведомство баспасөз хатшысы Самал Ибраева. «Министр парақшасын өзі жүргізеді және Қазақстанда, әлемдік экономикада болып жатқан процестерге қатысты пікірімен бөлісіп отырады. Сондай-ақ, экономика саласына қызығушылығы бар сарапшыларға, мамандарға және қарапайым адамдарға жүзеге асырылып жатқан және жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жобалар жайлы ақпарат беріп отырмақ», - дейді баспасөз хатшысы. Ведомство басшысының айтуынша, ол өзін әлеуметтік желілерден аулақ ұстамай, керісінше кейбір әріптестері - министрлік басшылары секілді бұл үдеріске атсалыспақ болған. «Мен бұған дейінгі сұхбаттарымның бірінде атап өткенімдей, ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде, сондай-ақ осы Фейсбукте белсенді жұмыс істейді. Біз өз парақшамызда маңызды жаңалықтарды, деректерді барынша тез жариялауға, сұрақтарға жауап беруге және қажетті пікірді білдіруге тырысамыз», - деп жазды Тимур Сүлейменов. Сондай-ақ, министр парақшасын өзі жүргізетінін, уақыт тапшы болып қалған кездері кей сұрақтарға уақтылы жауап берілмей жатса, ведомствоның ресми сайтында (www.economy.gov.kz) жеке блогы әрдайым ашық тұратынын еске салып өтті.