Айдос Сарым – Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі

Айдос Сарым – Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі

Айдос Сарым – Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі
ашық дереккөзі
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық кітапхананың Фейсбуктегі парақшасында жария етілді. «Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос Сарымды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі қызметіне тағайындады. Еліміздің патриотына шығармашылық табыс тілеп, əріптес атанғанымызды жеткіземіз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттың руханияты - Ұлттық кітапхананың рухани құндылықтарынан ақпарат алып, жаңа жобалар мен мақсаттарға қанығып, әруақытта ел игілігіне жасалатын шараларымыз бен жобаларымызға қолдау көрсететінін жеткізіп кетті», - делінген хабарламада. Айдос Әміроллаұлы 1975 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласынадағы №12 мектепті бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне түсіп 1992 жылы тәмамдаған. Саясаттанушы  Алтынбек Сәрсенбаев қорының директоры.