Жаңалықтар

Өзбекстан президенті іссапармен Қытайға барады

ашық дереккөзі

Өзбекстан президенті іссапармен Қытайға барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 11-13 мамыр аралығында мемлекеттік сапармен Қытайға барады деп жазады жергілікті БАҚ. Өзбекстан сыртқы істер министрі бірінші орынбасары Жавлон Вахабовтың сөздерінше, президенттің Қытайға бірінші ресми сапарының күн тәртібінде сауда және инвестиция, мәдение-гуманитарлы салалардағы ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелері тұр. Сапардың басты мақсаты - Өзбекстан мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты дамыту. Сонымен бірге Бейжіңмен бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.