Жаңалықтар

Сауд Арабиясы жалақысы аз азаматтарға өтемақы төлейді

ашық дереккөзі

Сауд Арабиясы жалақысы аз азаматтарға өтемақы төлейді

Сауд Арабиясы үкіметі шілде айынан бастап табысы төмен және орташа адамдарға олардың қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында қаржылай өтемақы төлемек. Бұл туралы Блумберг агенттігіне Сауд Арабиясы экономика және жоспарлау министрінің орынбасары Мухаммед ат-Тувижри хабарлаған.  Оның айтуынша, 11 миллионнан астам адам қаржылық көмек сұрап өтініш білдірген, алайда үкімет олардың қаншасы өтемақы алуға құқылы екендігін саралап жатыр. «Бізге басшылық ететін мұрагер ханзаданың орынбасары Мухаммед бен Салманның нұсқауына сәйкес, мүмкіндікке орай барынша көп адамға көмек көрсетуге тырысамыз», - деді ат-Тувижри.