Сәбиін 60 мың теңгеге сатқан келіншек 7 жылға сотталды

Сәбиін 60 мың теңгеге сатқан келіншек 7 жылға сотталды

Сәбиін 60 мың теңгеге сатқан келіншек 7 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Cәбиін 60 мың теңгеге айырбастаған ақтөбелік келіншек Жанна Ақаласова 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін айыпталушы Жанна Ақаласоваға қатысты үкім шығарды.  «Айыпталушы Жанна Ақаласова Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабы бойынша айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жеке меншігіндегі мүлкі тәркіленсін», - деді судья Нұрлыбек Ормаханов. Ал баланы бауырына басатын адамды тауып беріп, екі арада делдал болған Данагүл Өтешова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья үкім шығарар кезде айыпталушының кішкентай баласы бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін 5 жылға кейінге шегерді. Ал ұзақ жыл бойы сәби сүйе алмаған баласы мен келініне баланы алып берген айыпталушы Дина Досақова 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін «Үміт» сәбилер үйінде болған айыпталушы Ақаласованың баласы қазір мемлекет қамқорлығында.