Еліміз Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді

Еліміз Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді

Еліміз Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді
ашық дереккөзі
БАӘ-дағы ҚР Елшісі  Қайрат Лама Шариф «EXPO-2020 Дубай» Жоғарғы комитетінің төрағасы, шейх Ахмед бен Саид Аль Мактуммен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Кездесуге «EXPO-2020 Дубай» бюросының басқарушы өкілдерінің құрамы да қатысты. Жиын барысында қазақстандық дипломат ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум атына жазылған хатты ұсынды. Онда Қазақстан Дубайда өтетін дүниежүзілік «EXPO-2020» көрмесіне қатысатыны ресми мәлімденген.