Қазақ балуандары Азия чемпионатының ақтық сынына өтті

Қазақ балуандары Азия чемпионатының ақтық сынына өтті

Қазақ балуандары Азия чемпионатының ақтық сынына өтті
ашық дереккөзі
Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуандар сәтті өнер көрсетуде. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.  130 кг Алматы облысының балуаны Дамир Күзембаев жартылай финалда өзбекстандық балуанмен кездесіп, жеңіске жетті. Қазақстандық боз кілем шебері енді финалда ирандық спортшымен кездеседі. Ал 66 кг салмақта ел намысын Алмат Кебіспаев қорғап жатыр. Үржарлық балуан ширек финалда қытайлық спортшыдан айласын асырса, жартылай финалда Жапониядан келгнен Такахасимен кездесті. Жерлесіміз үшін бұл кездесу қиын болды. Алайда Алмат өзінің тәжірибелі спортшы екенін дәлелдеп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.