300 шақырымдық жолға 240 миллион доллар жұмсала ма?

300 шақырымдық жолға 240 миллион доллар жұмсала ма?

300 шақырымдық жолға 240 миллион доллар жұмсала ма?
ашық дереккөзі
Министр 300 шақырым жолды қайта салуға неліктен 240 миллион доллар қажет екенін түсіндіріп берді. Ақтөбе-Мақат тасжолындағы 300 шақырымға созылған екіжолақты жолды жөндеуге 240 миллион доллардан аса қаражат керек. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек неліктен осыншама қаражаттың қажет екенін түсіндіріп берді. "Қайта жөнделетін 299 шақырым жолда 150-ден аса түрлі инженерлік құрылыс, 11 өтпе жол, 39 мал айдау жолдарына арналған жұмыстар жүргізіледі. Бұл тек екіжолақты жол емес, ол ені 15 метрге дейін созылған жер төсемі. 13 тоннадай асфальт төселеді. Бүгінде ол аумақта 6-8 тонна асфальт жатыр, яғни, жолдың сапасы қазіргі жолдардың сапасынан жақсарады", - деді министр. Министрдің айтуынша, Еуропада жолдардың бағасы әрбір шақырым үшін бізден қарағанда 8-10 есеге, ал Ресейде 1,5 - 2 есеге қымбат.