Жаңалықтар

Трамп әкімшілігінің үстінен сотқа арыз түсті

ашық дереккөзі

Трамп әкімшілігінің үстінен сотқа арыз түсті

Protect Democracy бақылау ұйымы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінің Сирияға зымыран соққысын жасау туралы шешіміне қатысты сотқа шағымданды, - деп жазады New York Times. АҚШ-тың экс президенті Барак Обаманың командасындағы бұрынғы заңгерлерден тұратын ұйым басшылығының сот арқылы Трамптың әкімшілігін осы шешімді қабылдауда қандай заңды негіздерге сүйенгенін түсіндіріп беруді міндеттемекші екені айтылады. "Барлығымыз біздің конституциялық демократиямызда атқарушы биліктің басқа елдерге шабуыл жасауына заңмен шектеу қойылғанын түсіну керекпіз", - деп келтіреді басылым Protect Democracy ұйымының құқықтың мәселелер жөніндегі директоры әрі Барак Обаманың бұрынғы заңгері Джастин Флоренстың сөзін.