Жаңалықтар

Алматыда қант арзандады

ашық дереккөзі

Алматыда қант арзандады

2017 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі наурызға қарағанда 100,8% құрады. Ақылы қызметтер бағасы мен тарифтері 1,4%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,3%-ға өсті. Қант бағасы 2,8%-ға, жұмыртқа – 1,9%-ға арзандады. Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағалары көліктердің – 1,6%-ға, ыдыстардың – 0,9%-ға, құрылыс материалдарының – 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдердің және жеке күтім тауарларының – 0,6%-дан, тұрмыстық текстиль бұйымдарының – 0,4%-ға, жуғыш және тазалағыш заттардың, тұрмыстық техниканың – 0,3%-дан, жиһаз және үйге арналған заттар, киім және аяқ-киімнің – 0,2%-дан бағалары өсті.