Германияда Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне құрмет көрсетілді

Германияда Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне құрмет көрсетілді

Германияда Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне құрмет көрсетілді
ашық дереккөзі
Германияда Ұлы Отан соғысының құрбандарына құрмет көрсетілді. Берлин орталығындағы Жеңіс символына айналған Кеңес солдатының мүсініне мыңдаған адам жиналды деп хабарлайды Хабар 24. Олар сұрапыл соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Тап осы кезде Үкімет мемориалының қасындағы Трептов паркінде де еске алу рəсімі өтті. Мұнда Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Беларусь елдерінің елшілері гүл шоқтарын қойды. Бұл күні дәстүр бойынша Берлин тұрғындарымен бірге Отан үшін жанын берген батырлардың туыстары мен жақындары жиналды. Александр Рар, Берлин тұрғыны: - Əрбір қазақ, украин, орыс отбасында сол соғыстан құрбан болған батырлар бар. Мен үшін бұл маңызды мереке. Менің ойымша, болашақта бұл неміс пен орыс және Кеңес одағында тұрған халықтарды біріктіретін мейрам болады. Михаил, Берлин тұрғыны: - Бір атам Берлинге дейін жеткен. Ал апаларым Ленинград блокадасында аман қалған. Күніне 20 сағаттан жұмыс істеп, майдан үшін қару-жарақ жасаған. Еңбегі ауыр болғанын білемін жəне мұны ешқашан ұмытпау қажет.